jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Қазақстан көршілес елдер үшін құрлық шекарасын ашады

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

11 сәуірден бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram каналында хабарланды.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады.

"Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады.

Алайда,қазақстандықтарға ПТР әдісімен COVID-19 зерттеуінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну талабы сақталатынын ескертті. Қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары, вакцинация паспорттарын өзара тануы бар болған кезде шетел азаматтары вакциналау, ревакциналаудың толық курсынан өткендігін растайтын құжат/төлқұжатты міндетті түрде ұсыну қажет.

Қазақстан көршілес елдер үшін құрлық шекарасын ашады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.