jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбе облысында жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды

Жол апаты
Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан ГАЗель жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 сәуірде Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қияқты кентінің жанындағы Самара-Шымкент автожолында 38 жастағы ГАЗель көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, Өзбекстан Республикасы азаматының басқаруындағы DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Қақтығыс салдарынан ГАЗель автокөлігі өртеніп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, ал DAF жүк көлігінің жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Ақтөбе облысында жол апатынан жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.