Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкіметтің баспасөз қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Опубликовано:

Қанат Құлшыманов
Фото: primeminister.kz

Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Қанат Құлшыманов Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-ды журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2007 жылы "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің тілшісі болып бастады. Әр жылдары Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Жамбыл облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2021 жылғы маусымнан қазіргі кезге дейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964475-ukimettin-baspasoz-qyzmetine-zana-bassy-tagaiyndaldy/

pixel