Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен жылы жоғалып кеткен ер адамның денесі Қарағанды облысынан табылды

Опубликовано:

Жоғалып кеткен
Фото: instagram.com/temirtau.rina.kz

Өткен жылдың қараша айында жоғалып кеткен Болат Дүйсембаевтің денесі Балқаш көлінің жағасынан табылды. Бұған қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ер адамның денесін Балқаш көлінің жағасынан жергілікті тұрғындар тауып, полицияға хабарлаған.

"Ер адамның жоғалып кеткені туралы арыз өткен жылы қараша айында түскен. Оның көлге балық аулауға кетіп, байланысқа шықпағаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде ер адамның заттары жағадан табылған. Алайда құтқарушылар көлге түсе алмады, себебі оның бетінде мұз қатып жатты.

Өткен аптада оның денесінің жағадан табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Ер адамның денесінен зорлық-зомбылықтың іздері анықталған жоқ", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көз жұмған ер адамның жасы 51-де еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964476-otken-zyly-zogalyp-ketken-er-adamnyn-denesi-qaragandy-oblysynan-tabyldy/

pixel