Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте шағын несие ұйымының кассирі жалған қарақшылық шабуыл ұйымдастырған

Опубликовано:

туфли киген әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте шағын несие ұйымының қызметкері жалған қарақшылық шабуыл ұйымдастырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне шағын несие беру ұйымына шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар барған.

Кассирдің сөзінше, мекемеге көзілдірік пен медициналық бетперде киген 30-35 жастағы ер адам кіріп, пышақпен қорқытып, 1 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.

Сол күні тергеушілер Қылмыстық кодекстің 192-бабымен ("Қарақшылық") сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Ал криминалдық полицияның жедел уәкілдері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараларды жүргізді.

Олар жақын маңдағы дүкендердің сатушылары мен көпқабатты үй тұрғындарының көмегімен фоторобот құрастырды.

Нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шыққан.

Ер адамның үйінде ұсталғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер ұрлықты жасыру мақсатында кассирдің қарақшылықты ұйымдастырғанын анықтаған.

Оның көмекке өз танысын тартқаны хабарланды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 419-бабына ("Көрінеу жалған сөз жеткізу") сәйкес тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964514-symkentte-sagyn-nesie-uiymynyn-kassiri-zalgan-qaraqsylyq-sabuyl-uiymdastyrgan/

pixel