Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада полиция ғимараттарына шабуыл жасаған 24 адам көз жұмды

Опубликовано:

pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде Қызылорда облысында полиция ғимараттарына шабуыл жасаған 24 адамның қалай қаза болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бас прокуратура Қызылорда облысында көз жұмған 24 адамға қатысты табелдік қару қолдану себептерін анықтады.

"5 қаңтарда Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалды. Террористер жүк көлігімен ғимарат қақпасын соғып кіріп, аңшы мылтығымен оқ жаудырды. Бақылау-өткізу пунктін, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік машиналарды өртеп жіберді. Осыған байланысты полиция, алдымен ауаға атып, содан кейін шабуылдаушылардың аяқ-қолын нысанаға алып, табелдік қаруды қолдануға мәжбүр болды", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде.

Алайда шабуыл жасағандар мұнымен тоқтамаған. Олар ішімдік пен есірткінің әсерінен ғимаратқа бірнеше рет шабуылдаған.

Екінші шабуылдан кейін 6 адамнан құралған топ келіссөз жүргіземіз деген сылтаумен жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырып алған. Сөйтіп бұрын сотталған "О" есімді азамат рота командирі Естаевқа шолақ мылтықпен оқ атқан. Қарсы атылған оқпен шабуылдаушының көзі жойылды.

"Естаев көптеген дене жарақатын алды, көп қан жоғалтты. Ауруханаға ауыр хәлде жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірін әрең сақтап қалды", - деді Қилымжанов.

Бас прокуратураның мәліметінше, жергілікті полиция қызметінің ғимараты 12 сағат бойы қоршауда болған. Осы аралықта оған 10-нан астам қарулы шабуыл жасалды.

"Оларға тойтарыс беру кезінде 20 шабуылшының көзі жойылды", - деді Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары.

Сондай-ақ Қызылорда қалалық полиция басқармасының ғимаратын да басып алмақ болған. Тойтарыс беру кезінде 4 шабуылшының көзі жойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964518-qyzylordada-policiya-gimarattaryna-sabuyl-zasagan-24-adam-koz-zumdy/

pixel