Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда денсаулық сақтау департаментінің лауазымды тұлғасы сотталды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мемлекеттік сатып алу бөлімінің экс-басшысы сотталды, деп хабарлайды Медеу аудандық қылмыстық соты.

"Алматы қаласы Медеу ауданының N2 аудандық сотында С. есімді азаматқа қатысты мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғамен жасалған аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша қылмыстық ісі қаралды",- делінген хабарламада.

Осылайша, сот 2021 жылдың маусым айында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы қызметін атқара отырып, "қысқа ішек синдромы" диагнозы бар науқас балаларға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы азамат 78 млн теңге сомасында ЖШС-дан тендерді жеңіп алғаны үшін келісім сомасының 10 пайызын талап еткенін анықтады.

Параны бермеген жағдайда сотталушы ЖШС-ны жосықсыз жеткізушілер қатарында қосуы мүмкін екенін көрсете отырып, ал ұтқан жағдайда келісімшартты жасасуға және орындауға көмектесуге уәде берген.

Сот мәліметінше, конкурс аяқталғаннан кейін ЖШС құрылтайшысы бұл жағдайды басқа жолмен шешуге басқа мүмкіндігі болмағандықтан және жоғарыда аталған дәрілік заттарды жеткізу бойынша жеткізуші болғысы келіп, 1 млн теңге көлемінде ақшаны сотталушыға берген.

Сот сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуын есепке алды. Ал ауырлататын мән-жайлар ретінде қабылданған кәсіби антын бұзып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауын таныды.

Сотта азамат өз кінәсін мойындамады, істеген ісіне өкінбеді.

"Сот үкімімен С. аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Республика Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы және оның ведомстволары, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды өмір бойына атқарумен қатар, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", -делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964532-almatyda-densaulyq-saqtau-departamentinin-lauazymdy-tulgasy-sottaldy/

pixel