Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы пирамидасына қомақты қаржы салған әйел Нұр-Сұлтанда өзін өртеп жіберді

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде өзін өрттеген әйелдің видеосы тарап, көпшіліктің зәресін алды. Белгілі болғандай, жәбірленуші - қаржы пирамидасына алданған салымшылардың бірі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео әлеуметтік желідегі бірнеше парақшада тарады. Өзін өрттемек болған әйелдің Mudarabah Capital-ға 20 миллион теңге салғаны белгілі болды.

Алдын ала болжам бойынша, аталған қаржы пирамидасын құруға қазақстандық блогерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, сондай-ақ Әзімжан Саидбаевтың қатысты болуы мүмкін. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тергеліп, аталған адамдардың оны құруға қатысы бар-жоғы анықталуда.

"Бүгін, 2022 жылғы 11 сәуірде салымшы "Б.Д." Нұр-Сұлтан қаласындағы Ішкі істер министрлігінің ғимаратының алдында наразылық ретінде өзін өртемек болды. Әйелді қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп таныдық. Ол - Mudarabah Capital қаржы пирамидасының құрбаны",- деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Telegram-каналында.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі 11 сәуір күні сағат 16:38-де "102" пультіне Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында бірнеше әйел өзін-өзі өртегелі жатқаны туралы хабарлама келіп түскенін жеткізген.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Алматы ауданы әкімдігінің өкілі келген.

"Наразылыққа шыққандар Алматы қаласында болған қылмыстық іске қатысты шара қабылдаудан бас тартқан жағдайда өз-өздерін өртейміз деп мәлімдеді", - делінген хабарламада.

Ведомство жиналғандарға жағдайды түсіндіруге тырысқан.

Белгілі болғандай, сол уақытта ұйымдастырушылардың бірі өзіне сұйықтық шаша бастаған.

Тәртіп сақшысы әйелге өзін өртеуге жол бермеу үшін жедел әрекет етті.

Осыған қарамастан өрт әйелді шарпып үлгерген.

Зардап шеккен оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.

Ведомство полиция қызметкері де қолын күйдіргенін хабарлады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964560-qarzy-piramidasyna-qomaqty-qarzy-salgan-aiel-nur-sultanda-ozin-orttep-ziberdi/

pixel