Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамды вокзалға тастап кеттім": Әйелінің сөзіне ерген қазақстандық қатты өкінетінін айтты

Жарияланған күні:

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысында колонияда анасын вокзалға тастап кеткен ер адам жазасын өтеп жатыр. Айтуынша, туған анасын пәтерден қуып шығуға оны әйелі көндірген. Қазір қазақстандық істеген ісіне қатты өкінеді және күнәлары үшін жазаға тартылдым деп есептейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушының сөзінше, ол бастауыш сыныпта оқып жүрген кезде әкесі жұмыста оқыс жағдайдан қаза тапқан. Содан кейін анасы екеуі бірге тұрған. Жесір қалған әйел қайтадан тұрмысқа шықпаған.

"Жаман өмір сүрмедік, үш бөлмелі пәтер, керектінің бәрі болды. Мектен кейін мен автослесарь мамандығын меңгеріп, жақсы табыс таптым. Көп ұзамай үйлендім. Біз анаммен бірге тұрдық, ол да қатты қуанды, бізді өзінің бәліштерімен, борщымен еркелетті. Бір жылдан кейін тұңғышымыз дүниеге келді. Анам қатты көмектесіп, тіпті ол үшін маңызы жоғары жұмысынан шығып кетті", - дейді сотталушы.

Әңгімелесу барысында сотталушы үнемі көз жасын сүртіп отырды.

"Бәрі жақсы болды, біз бірге 10 жыл тұрдық, ұлдарым өсті. Өзімнің жеке техникалық байқау станциям (СТО) болды. Бірақ үйде бәрі өзгере бастады. Менің әйелім Наташа балаларға өз бөлмесі керек екенін айта бастады. Ол анаммен ұрысты, содан кейін мен әйеліммен жанжалдастым. Ол анамның кеткенін қалады. Мен оған қарсы тұруға тырыстым, бірақ ол мені көндірді.

Мен анаммен сөйлесіп отырғанымда ол маған "Қайда барамын, ұлым?" деді. Мен оған бір айға құрбысына бара тұруды ұсындым, ол келісті. Келесі күні анам билет алғанын, қонаққа кететінін айтты. Мен оны вокзалға апарып, қайда баратынын сұрамадым. Сол жерде қалдырып, кетіп қалдым. Содан кейін оны көрмедім", - дедйді сотталушы.

Жарты жылдан кейін оның техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп кеткен. Ер адам өрттен қатты зардап шегіп, ауруханада ұзақ жатқан.

"Осы кезде Германияға тұру үшін шақырту келген еді. Әйелім ауруханаға келіп, балалармен кететінін, мен кейінірек баратынымды айтты. Қарсы емес екенім туралы құжаттарға қол қою қажет деген соң қол қойып бердім. Осылайша, олар кетіп қалды. Бірер айдан кейін үйіме келген кезде есікті бөтен адамдар ашып, үйдің жаңа қожайындары екенін айтты.

Анықталғандай, әйелім менімен ажырасып кеткен екен. Ал пәтерді сатуға мен ауруханада жатқанда құжатты оқымастан қол қойып, рұқсат берген екенмін. Оның қайда кеткенін білмедім, бәрі түсінікті болғандықтан оны іздемедім. Бұл жазда болған жағдай еді, сондықтан көшеде тұрдым. Күзге қарай жылу жолына жайғастым", - деді ол.

Кейінірек, ер адамды қоқыс жәшігінің маңынан сыныптасы байқап қалып, үйіне шақырып, тамақтандырып, таза киім берген. Тіпті ол көмектесуге уәде еткен.

"Бір күні ол мені тауып алып, қысқа қарай құжаттармен, баспанамен көмектескісі келетінін, алайда бірнәрсе істеу қажет екенін айтты. Ол маған бір буманы беріп, мекенжайды айтты. Мен, әрине оның ішінде не бар екенін білсемде келістім. Ал сол жерде мені жедел топ күтіп тұрған еді.

Осы бума үшін мен 12 жылға қатаң режимдегі түрмеге жабылдым. Балаларымның қайда екенін әлі күнге дейін білмеймін. Ал анам мені тауып алды. Сол күні ол вокзалда бір тәулік отырыпты. Қатты көңілі түскен оны бір әйел - вокзал қызметкері өзінің үйіне шақырыпты. Ол жақында ғана анасынан айырылған екен және менің анамнан өз үйінде қалуды өтінген. Өтінген! Ал мен оны қуып шықтым. Қазір ол менімен үнемі байланыста, мені қолдап, күтіп отыр. Мен үнемі одан кешірім сұраймын", - дейді сотталушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964613-anamdy-vokzalga-tastap-kettim-aielinin-sozine-ergen-qazaqstandyq-qatty-okinetinin-aitty/