Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары белгілі болды

Жарияланған күні:

Көліктер
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресми сайтында қазақстандықтарға берілетін жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттарын түсіндіріп өтті.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарламаны ИИДМ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен әзірлеуде.

Министрліктің ақпаратынша, жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Ал өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінбек.

Жеңіл автокөліктерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі - 4 пайыз;
  • бастапқы жарна - 0 пайыздан бастап;
  • несиелендіру сомасы - 10 млн теңгеден;
  • қаржыландыру мерзімі - 7 жылдан;
  • көлік құралының құны - 15 млн теңгеден аспау қажет.

Сонымен қатар министрлік автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретінін атап өтті. Жалпы, бағдарлама 2022 жылғы сәуір айының соңында іске қосылады деп жоспарлануда.

"Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.

Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда көлік бағасы қымбаттауы мүмкін бе деген сауалға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964657-zenildetilgen-avtonesie-bagdarlamasynyn-sarttary-belgili-boldy/