Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көлік бағасы көтеріле ме: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

Көлік бағасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысы барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстандағы көліктер бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, ведомство отандық автоөнеркәсіпке бағытталған.

"Мені отандық көліктер қызықтырады. Сондықтан біз қазір отандық көліктердің бағасы тұрақты болуы үшін барлық шараны қабылдап жатырмыз. Қазақстандық көліктерге әзірге бағаның үлкен өсімін жоспарлап отырған жоқпыз.

Бірақ күн сайын бағалар өзгеріп жатқанын айта кеткен жөн. Сол себепті ертең қандай баға болатынын айту қиын. Бірақ көптеген позиция бойынша бағаның төмендеу үрдісі байқалады", - деді министр.

Сонымен қатар ол жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасы бойынша көліктерге 10 млн теңгеге дейін несие берілетінін атап өтті. Бірақ қатысушылар бұл бағадан да қымбат көлік сатып алуға құқылы. Десе де артық соманы өз қаражаттарынан төлейді.

"Сәуір айының соңына дейін 4 пайыз жеңілдікпен несиелендіруге қатысты шешім қабылдаймыз деп ойлаймын", - деп қорытындылады Қайырбек Өскенбаев.

Бұған дейін жеңіл автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларына арналған утилизациялық алым мөлшерлемесі 50 пайызға төмендейтінін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың ақпан айында Роман Скляр 4 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, бастапқы жарнасыз, жеті жыл мерзімге автонесие берілетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1962549-qazaqstanda-kolik-bagasy-koterile-me-ministrlik-zauap-berdi/

pixel