Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл елімізде Қарулы күштердің 30 жылдығына және Жеңіс күніне орай әскери шеру өте ме

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Биыл еліміздің Қарулы күштеріне 30 жыл толады. Осыған байланысты әскери шеру өте ме? Бұл сауалға Қорғаныс министрлігі жауап берді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ведомствоның мәліметінше, Қарулы күштердің 30 жылдығына орай әскери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ.

"Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз", - дейді Қорғаныс министрлігінен.

Дегенмен, министрлік Қарулы күштердің құрылғанына 30 жыл толуын атап өту үшін дайындық жоспары әзірленгенін атап өтті.

Бұл жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің имиджі мен беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, ержүректілікке тәрбиелейтін сабақтар, ашық есік күндері және мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған іс-шаралар да қарастырылған.

"Жалпы, жоспар бойынша еліміздің барлық аймағында 46 іс-шара өткізу көзделген", - дейді министрліктен.

Еске сала кетсек, елімізде соңғы рет ауқымды әскери шеру 2018 жылы өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964738-biyl-elimizde-qaruly-kusterdin-30-zyldygyna-orai-askeri-seru-ote-me/

pixel