Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы көшелердің біріне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілмек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысы әзірленді. Онда атауы жоқ көшелерге жаңа атау беру туралы көрсетілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.

Онда Алатау ауданы "Нұркент" шағын ауданындағы № 1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерестің есімі, Бостандық ауданы "Ерменсай" шағын ауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге – Жақсылық Үшкемпіровтің есімі, № 4 жобалық атауы бар көшеге – Қаршыға Ахмедьяровтың, № 5 жобалық атауы бар көшеге – Шолпан Жандарбекованың есімдері берілетіні көрсетілген.

Сонымен қатар, Бостандық ауданы "НұрАлатау" шағын ауданындағы № 12 жобалық атауы бар көше – Ғазиза Жұбанова көшесі, № 13 жобалық атауы бар көше – Кәкімбек Салықов көшесі деп аталады.

Бұдан бөлек, Бостандық ауданы "Нұрлытау" шағын ауданындағы № 6 жобалық атауы бар көшеге Роза Жаманова, Медеу ауданындағы № 2 жобалық атауы бар көшеге Тимофей Седельников, № 7 жобалық атауы бар көшеге Мәшһүр Жүсіп, Медеу ауданы "Алатау" шағын ауданындағы №14 жобалық атауы бар көшеге Лев Гумилевтің есімдері таңдалған.

Алматы қаласы мәслихатының тұрақты комиссиясының және Алматы қаласының ономастикалық комиссиясының, республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындылары қабылданды.

Құжат қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" веб-сайтында 27 сәуірге дейін жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964844-zaqsylyq-uskempirovtin-esimi-almatydagy-bir-kosege-berilmek/

pixel