Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ұлттық біліктілік тестін тапсырып жатқан мұғалім қайтыс болды

Опубликовано:

Ұстаздар
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматыдағы көлік және логистика академиясында бір адам қайтыс болды. Ол - ұлттық біліктілік тестін тапсыруға келген мектеп мұғалімдерінің бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Куәгердің сөзінше, тест кезінде бір мұғалімнің жағдайы нашарлап құлап қалған. Ол жедел жәрдем келіп үлгергенше көз жұмған.

Алматы қалалық полициясы департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған деректі растады.

"Кісі өлімі фактісі Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалған",- деді Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965036-almatyda-ulttyq-biliktilik-testin-tapsyryp-zatqan-mugalim-qaitys-boldy/

pixel