Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 4 жасар қыз баланы зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

Опубликовано:

Ойыншық
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында 4 жасар қыз баланы зорлады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұсталды. Бүлдіршін қазір медицина қызметкерлерінің бақылауында. Бұл фактіні өңірлік полиция департаменті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алдымен ақпарат өңірде қауесет ретінде тараған. Онда зорлықтың құрбаны болған 4 жасар баланың ауруханалардың біріне жатқызылғаны айтылған.

Ақпаратты Алматы облысы полиция департаменті растап, 13 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданында кішкентай баланы зорлады деген күдікпен 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны ұсталғанын хабарлады.

"1978 жылы туған күдікті қамауға алынды. Болжам бойынша, ол соңғы күндері жәбірленушінің отбасында қонақта болған, қылмыс жасалған кезде мас күйде болған.

Қазір аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша ("Зорлау") тергеу жүріп жатыр. Бала медицина қызметкерлерінің бақылауында", - дейді ведомстводан.

Полицияның ақпаратынша, жыл басынан бері өңірде 3-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандарды зорлау дерегі бойынша 10 факті тіркелген.

Күдіктілердің көпшілігі - оларға жақын адамдар болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965085-almaty-oblysynda-4-zasar-qyz-balany-zorlady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel