Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тапсырыспен диплом жаздырмақ болған Көкшетау студенті алаяқтың құрбаны болды

Опубликовано:

Студент
Көрнекі фото: pixabay.com

Дайын диплом сатып алмақ болған Көкшетау студенті алаяқтықтың құрбаны болды деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуірде жергілікті оқу орындарының бірінің 22 жастағы студенті полицияға алаяқтық әрекеттер туралы өтініш берген.

Жәбірленушінің айтуынша, жарнамалық сайттардың бірінде дипломдық жұмыстарды дайындау туралы хабарландыру тауып алған.

Хабарландырудың авторымен көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарласып, ұсынылған шарттармен келісіп, жұмысқа қойылатын талаптарды айтады.

Сонымен бірге, өтініш беруші түсіндіргендей, ол бастапқыда дипломдық жұмысқа алдын-ала төлем жасаған, содан кейін әйел адам барлық соманы талап еткен.

Еш күдігі жоқ зардап шегуші аталған 85 мың теңге мөлшерінде соманы аударады. Ақша алғаннан кейін азаматша байланысқа шықпай қойған.

Өтініш түскеннен кейін криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғынын анықтады.

Қазіргі уақытта оның заңсыз әрекеттерінен тағы бір студент зардап шеккені белгілі болып отыр.

Сонымен қатар, 2020 жылы әйел осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965117-tapsyryspen-diplom-zazdyrmaq-bolgan-koksetau-studenti-alayaqtyn-qurbany-boldy/

pixel