Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы мектептен өрт шықты: 5 оқушыны ауруханаға алып кетті

Опубликовано:

сыныптың іші
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар қаласындағы мектептердің бірінен өрт шығып, 500-ге жуық адам экакуацияланды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы бес оқушыны ауруханаға алып кетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық төтенше жеғдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 сәуір күні Малайсары батыр көшесінде орналасқан үш қабатты № 1 жалпы орта білім беретін мектептен өрт шыққан. 

"Үшінші қабаттағы кітап сақтау кабинетінде 15 шаршы метр алаңда жиһаз, кітап жанған. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 479 адам, оның ішінде 414 бала сыртқа шығарылды", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Өрт сағат 11.41-де өрт ауыздықталған. Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталуда.  

Тілсіз жауды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері және 9 техника,  апаттық медицина орталығынан 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қызыл жалыннан бес бала зардап шеккен. 

2008 жылы туған қыз бала "жеңіл дәрежеде жану заттарымен улану" және 2007 жылғы қыз бала "стресске жіті реакция" диагнозымен қаралып, ата-аналарына тапсырылған. 

"Сондай-ақ 2005 және 2006 жылы туған үш қызда "көмірқышқыл газының уытты әсері" тіркелді. Жедел медициналық көмек қызметкерлерінің айтуынша, мектептің дәретхана бөлмесінде түтін шыққан", - деді ведомство. 

Оқушылар 15 сәуір күні сағат 12.15-те облыстық балалар ауруханасының  қабылдау бөліміне жеткізілді. Кезекші педиатр қарап шыққаннан кейін шұғыл түрде соматикалық бөлімшеге жатқызылған.

Ауруханаға түскен кезде газбен улану салдарынан балалардың жағдайы орташа ауыр болған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965257-pavlodardagy-mektepten-ort-syqty-5-oqusyny-auruxanaga-alyp-ketti/

pixel