Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жоғалып кеткен 26 жастағы музыкант іздестірілуде

Опубликовано:

Азамат
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында жоғалып кеткен 26 жастағы музыкант іздестірілуде, деп хабарлайды Polisia.kz.

14 сәуір сағат 22:10-да Жарқайың ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан 26 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы арыз түскен.

Ер адам сол күні сағат 16:00 шамасында жас жігіт үйден белгісіз бағытта шығып, полицияға хабарласқанға дейін оралмағанын айтқан.

Сондай-ақ, өтініш беруші ұлының бұрын бірнеше рет үйден кеткенін, бірақ отбасында жанжал болмағанын айтты. Ер адамның музыкалық білімі бар. Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қазіргі мекенжайын анықтау үшін Жарқайың полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілерден 6 іздеу тобы құрылды.

Іздестіру жұмыстары Державинск қаласында, жақын маңдағы елді мекендерде, Есіл өзенінің жағалауы аумағында және басқа жерлерде жүргізілді. Тиісті шаралар жалғасуда.

Жоғалған ер адамның мекенжайы жөнінде қандай да бір ақпаратқа ие болған жағдайда 102 телефонына хабарласуға болады.

Белгілері: бойы 175-180 сантиметр, азиялық келбетке ие, арықша келген. Үстінде қара күртеше, ақ жейде, сұр джинсы және қара түсті спорттық аяқ киім болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965278-aqmola-oblysynda-zogalyp-ketken-26-zastagy-muzykant-izdestirilude/

pixel