Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте шенеуніктен ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Фото: Отырар телеарнасы

Әлеуметтік желіде Шымкентте танымал блогердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Ол мемлекеттік қызметкерден ақша бопсалады деген күдікке ілінген. Бұған қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға бопсалаудың құрбаны болған шенеунік жүгінген.

Ер адамның түсіндіруінше, өзін блогер деп таныстырған бірнеше адам егер ол 500 мың теңге төлемесе, әкімшілік ғимараттағы жыртылған мемлекеттік тудың видеосын таратамыз деп қорқытқан.

"Қарымтасы ретінде олар видеоны таратпауға уәде берген. Полиция қызметкерлері аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 194-бабы "Бопсалау" бойынша тіркеді", - деді Шымкент полиция департаментінен.

Құқық қорғаушылар шұғыл іс-шаралар жүргізген. Нәтижесінде күдікті ақшаның бір бөлігі - 300 мың теңгені алу кезінде ұсталған. Тәртіп сақшылары ақшаны Toyota Сamry көлігінен тәркілеген.

Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965403-symkentte-seneunikten-aqsa-bopsalady-degen-kudikpen-bloger-ustaldy/

pixel