Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жұмысшыларды арматура басып қалды: Құрылыс компаниясы оқиғаға пікір білдірді

Опубликовано:

Құрылыс1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда құрылыс алаңдарының бірінде жұмысшыларды арматура басып қалған болатын. Осыған қатысты "BAZIS-A Corp." құрылыс компаниясы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, "BAZIS-A Corp." ЖШС еншілес кәсіпорны "Esentai Investment" ЖШС салып жатқан Estet болашақ тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында жұмысшылардың үстіне арматура құлап кеткен.

"Жұмысты қосалқы мердігер "Ab-Max" ЖШС жүргізді. Арматура қаңқасын орнату кезінде ол отырып, салдарынан қосалқы мердігердің төрт қызметкері медициналық көмекке жүгінді", - деп хабарлады "BAZIS-A Corp." баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер бірден Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

"Зардап шеккен жұмысшылардың барлығы төтенше жағдай болған сәтте есін білген, көзге көрінетін жарақат болмаған. Медициналық тексеру нәтижесінде олардың терісі сыдырылып, көгеріп қалғаны анықталды, жұмысшыларды ауруханаға жатуқызудың қажеті болмады", - дейді компаниядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965409-almatyda-zumyssylardy-armatura-basyp-qaldy-qurylys-kompaniyasy-oqigaga-pikir-bildirdi/

pixel