Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл ЖЭО-дағы апаттан кейін оны қалпына келтіруге 17,5 млрд теңге жұмсалады

Опубликовано:

ЖЭО
Фото: Энергетика министрлігі

Петропавл ЖЭО-ны жылу маусымына дайындауға 17,5 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, Ақшолақов Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдерімен бірге Петропавл ЖЭО-да болып, энергетикалық кешеннің қазіргі жағдайымен танысқан.

Жылу орталығын аралағаннан кейін Министрлік, облыс әкімдігі, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы өкілдерінің және станция басшылығының қатысуымен Петропавл ЖЭО жұмысын қалыпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Энергетика министрлігі авариялық оқиғадан кейін техникалық жағдайға бағалау жүргізу үшін Петропавл ЖЭО-ға тәуелсіз сараптама комиссиясын жіберді, оның қорытындысы бойынша Петропавл ЖЭО-2 жұмысын қалыпына келтіру жөніндегі Жол картасы әзірленді.

"Жол картасы ЖЭО-ны алдағы жылу беру маусымына уақтылы және сапалы дайындауды қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асыру үшін қаржыландырудың жалпы сомасы 17,5 млрд теңгені құрайтын 5 блокқа бөлінген", - делінген хабарламада.

Осы ретте, ведомство Петропавл ЖЭО 1961 жылы пайдалануға берілгенін және СҚО-дағы электр және жылу энергиясының жалғыз көзі. Станцияның негізгі жабдықтарының физикалық тозуы 56,1 пайызды құрайды.

Еске сала кетейік, 20 наурызда Петропавлда жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлаған еді. Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған  болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965416-petropavl-zeo-dagy-apattan-keiin-ony-qalpyna-keltiru-usin-175-mlrd-tenge-zumsalady/

pixel