Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда өртенген көлік жанында тұрған басқа көліктерден алысқа қозғалып кетті (видео)

Опубликовано:

Жанған көлік
Видеодан кадр: instagram.com//tipavlo.dar

Павлодарда ерекше оқиға болды. Жанып жатқан көлік өздігінен жанында тұрған басқа көліктерден алысқа қозғалып кеткен. Бұл жайтты куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Видеожазбаны Instagram желісінде tipavlo.dar парақшасы жариялады. Кадрларда көппәтерлі үйдің ауласында отқа оранған темір тұлпардың үш көліктің жанында тұрғанын көруге болады.

Бір мезетте көліктің қозғала бастағаны және өзге көліктерден қауіпсіз жерге қарай жүргені көрсетіледі.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Sputnik Қазақстан басылымына хабарлауынша, оқиға 16 сәуір күні сағат 10:44-те Кривенко көшесіндегі №81 үйдің ауласында болған.

Салдарынан 2010 жылы шығарылған Lada Priora көлігі толықтай жанып кеткен. Өрт сағат 10:56-да ауыздықталып, 11:02-де толық сөндірілген.

"Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталуда. Өртті сөндіруге бес өрт сөндіруші атсалысты", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965417-pavlodarda-ortengen-kolik-zanynda-turgan-basqa-kolikterden-alysqa-qozgalyp-ketti-video/

pixel