Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда сотталушы түрмеден қашпақ болған

Опубликовано:

Түрмеде
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодардағы түрмеде тыйым салынған аймаққа аяқ басқан тұтқын ұсталды. Алайда қырағы қарауыл түрмеден қашпақ болған адамның жолын кескен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның жазуынша, оқиға 16 сәуір күні сағат 12:30 шамасында №24 түзеу мекемесінде болған.

Сотталушы ішкі тыйым салынған аймаққа өтіп кеткен. Мұны байқаған күзетші ескерту жасап айқайлап, дабыл түймесін басқан. Содан кейін сарбаз төтенше жағдайды қарауыл басшысына хабарлап, жоғарыға қарай ескерту оғын атқан.

"Ішкі тыйым салынған аймақта сотталушыны кезекші қызмет ұстады. Мән-жайды анықтау үшін уәкілетті органдар жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Сондай-ақ облыстық ҚАЖ департаменті мен 6679 әскери бөлімінің командирімен бірлесіп қызметтік тексеру жүргізілуде", - деді Ұлттық ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Амангелді.

6679 әскери бөлімінің сарбазы қырағы қызметі үшін "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы тарапынан марапатталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965426-pavlodarda-sottalusy-turmeden-qaspaq-bolgan/

pixel