Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда әйелін кемсіткені үшін әріптесін жөнге салмақ болған ер адам айыппұл арқалады

Опубликовано:

Төбелес
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Павлодарда әйелін ренжіткен қызметкерді жөнге салмақ болған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жапон тағамдарын дайындайтын мейрамханада жұмыс істейтін оператор қыз кешке үйіне оралған соң күйеуіне суши әзірлеуші әріптесін айтып шағымданған.

Ол бірнеше апта бойы келіншекті бүкіл команданың көзінше кемсіте сөйлеп, соңғы күні тіпті шектен шығып, ұятсыз сөздер айтып, қыздың жеке басын қорлаған екен.

"Күйеуі әйеліне әлімжеттік көрсеткен жігітке қоңырау шалып кездесуге келіседі. Кездесу ол жігіттің үйінің жанында өтті. Бірақ диалог ойдағыдай болмай, ер адамдар арасында төбелес басталып кетті. Өзара шабуылдан кейін жанжалдың екі қатысушысы полицияға арыз берді. Осыған байланысты, полицейлер жанжалшыларды сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберді. Нәтижесінде екеуінің де жеңіл дене жарақатын алғанын көрсетті", – деді ведомстводан.

Сот келіншектің жұбайын ӘҚБтК 73-1-бабы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл тағайындаған.

Сондай-ақ жоғарыда көрсетілген бап бойынша және ӘҚБтК 434-бабына сәйкес әріптесін қорлағаны үшін сот шешімімен суши дайындаушыға да айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965429-pavlodarda-aielin-kemsitkeni-usin-ariptesin-zonge-salmaq-bolgan-er-adam-aiyppul-arqalady/

pixel