Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бидай мен ұн экспортына шектеу енгізді

Опубликовано:

Ұн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан бидай мен ұнды экспорттауға шектеу енгізетін қаулыға қол қойды. Қазір бұйрық Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

Ведомствоның мәліметінше, жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілген күннен 2022 жылғы 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген шектеу көлемі шеңберінде жүзеге асырылатын болады:

  • бидай мен меслинге – 1 млн тонна;
  • бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна.

Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10 пайызын белгіленген баға бойынша "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі.

"Сонымен бірге бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз.

Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кедендік декларация немесе өзге де кедендік құжаттар тіркелмеген тауарларға фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965437-qazaqstan-bidai-men-un-eksportyna-sekteu-engizdi/

pixel