Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда жоғалып кеткен бойжеткенді тікұшақтың көмегімен іздеп жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: kazaviaspas.kz

Наурыз айының соңында жоғалып кеткен Маңғыстау облысының 26 ​​жастағы тұрғынын іздеуге тікұшақ жұмылдырылды. Рейс Бейнеу ауданының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде 50 шақырым радиуста орындалған.

Lada.kz мәліметінше, іздеу жұмыстарына МИ-8 тікұшағы қатысты.

Тікұшақ Бейнеу аумағының солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігімен төмен биіктікте 50 шақырымнан астам ұшып өткен.

Құтқарушылар ойпаттар, шатқалдар мен жартастарға ерекше көңіл бөлінгенін хабарлады.

Өкінішке қарай, іздестіру шаралары нәтиже берген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 29 наурызда Бейнеу ауданының 26 ​​жастағы тұрғыны Айдана Айтаеваның үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын жазған едік. Содан бері оны құтқарушылар мен еріктілер іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965464-mangystauda-zogalyp-ketken-arudy-izdeuge-tikusaq-tartyldy/

pixel