Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самара-Шымкент тас жолында жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты (видео)

Опубликовано:

Трасса
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының Сайрам ауданында шағын автобус пен жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болып, салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жол көлік оқиғасы кеше, 17 сәуірде сағат 22:00 шамасында Самара-Шымкент тасжолында тіркелді.

Басылымның мәліметінше, Алматыдан Шымкентке бағыт алған Toyota Alphard шағынавтобусы тасжолда HOWO жүк көлігімен соқтығысқан.

Алдын-ала болжам бойынша, минивэн жүргізушісі қашықтықты сақтамаған. Ол рөлде ұйықтап кеткен болуы мүмкін.

Апат салдарынан жеті адам зардап шекті. Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізілді. ⠀

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы-Өскемен тас жолында Hovo жүк көлігі Қапшағайға жақын маңдағы жол көпіріне шанағымен соғылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965480-samara-symkent-tas-zolynda-zuk-koligi-men-sagyn-avtobus-soqtygysty-video/

pixel