Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде ауыз су енді кесте бойынша берілмек

Опубликовано:

су
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 18 сәуірден бастап қыркүйекке дейін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында ауыз су кесте бойынша беріледі, себебі шаһардағы су қоры жаз айларында шектеулі.

"Қордың аз болуына байланысты жаз айларында ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес", - деген "ӨзенИнвест" МКК мәлімдемесін "Лада" басылымы жеткізді.

Жаңаөзенде және оған іргелес елдімекендерде суды тұтынушылардың күрт артуына байланысты 18 сәуірден бастап мамыр, маусым, шілде және тамыз айларында ауыз су кесте бойынша берілмек.

Сонымен қатар, тиісті мекеме суды үнемдеу мақсатында жергілікті тұрғындарды жасыл желектерді тамшылатып суару әдісі арқылы суаруға шақырды.

Сондай-ақ, мамандар әр үйде құдық және су резервуарларының болғаны дұрыс екенін еске салды.

Басылым мәліметінше, ауыз су мәселесі алдағы уақытта арнайы зауыт құрылысы аяқталған соң шешілмек.

Ол 2024 жылдың төртінші тоқсанында қолдануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965500-zanaozende-auyz-su-endi-keste-boiynsa-berilmek/

pixel