Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкемнің емі үшін шалыс бастым": Шымкенттегі әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан келіншек ағынан жарылды

Опубликовано:

Салтанат Ермеш, сотталушы
Салтанат Ермеш. Скриншот: Youtube/Жедел түсірілім

Шымкенттегі әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан Салтанат Ермештің оқиғасы көпшілікке ой салары анық. Өнер академиясында білім алған келіншек бүгінде өмірін тар қапаста өткізіп жатыр. Бұл туралы "Жедел түсірілім" бағдарламасының арнайы шығарылымында айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Салтанат заңсыз тендер ұйымдастырып, ақшасын қалтаға басқаны үшін сотталған.

"Бұл қадамға екі баламның қамы және әкемнің емі үшін бардым. Қазіргі мақсатым – осы жерден аман-есен отбасыма оралып, балаларымның қасына бару. Экономист, бухгалтерлік деген қызметтер менің табиғатыма келмейді екен.

Өзім өнер адамы болғандықтан, болашақта сол салаға қайта оралуды ойлаймын. Бала кезден бергі арманым – өнер адамы, әнші болу еді. Сол мақсатпен Алматыға келдім, оқуға түстім. Студент кезімде мені алып қашып кетті. Ерте күйеуге шығып, баламен отырып қалдым", - дейді ол.

Салтанаттың айтуынша, ол кезінде танымал жұлдыздармен группалас болған.

"Қазір оның бәрі өткен шақ. Енді бостандықтағы және түрмедегі өмірім туралы клип түсіргім келеді. Ән жазатын да қабілетім бар, бостандыққа шыққан соң, сол мақсаттарыма жетуге тырысамын. Қаншама тергеу изоляторларында болдым, соның бәрін бір клипке сыйдырғым келеді", - деді Салтанат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965526-omirim-zaily-klip-tusiremin-abdukarimova-men-baqaevanyn-turmedegi-gruppalasy-zaily-ne-bilemiz/

pixel