Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 65 адам эвакуацияланды (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы өрт
Көпқабатты үйден шыққан өрт. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_press

Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде лоджия отқа оранды. Өрт 7-қабаттан шыққан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 18 сәуір күні сағат 14:30-да "101" пультіне Алматы қаласы Алатау ауданы Ақкент ықшамауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Төтенше жағдайдың видеосы Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде пайда болды.

Оқиға орнына ТЖД-ның бірнеше өрт сөндіру бөлімшесінің күштері жіберілген. Олар адамдарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 7 адам құтқарылып, 65 адам қауіпсіз жерге көшірілген.

"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрт 7-қабатта 10 шаршы метрді қамтығанын анықтады. Өрттің 8 және 9-қабатқа ойысу қаупі туындаған", - дейді қалалық ТЖД.

Ведомство дерегінше, өрт сағат 15.02-де толықтай ауыздықталған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Осы орайда ТЖД өрт қауіпсіздігіне қатысты қарапайым ережелерді сақтау қажеттігін еске салды.

"Электр құралдарын сөндіруді ұмытпаңыздар, балконда темекі шекпеңіздер және онда жанғыш материалдарды тастамаңыздар", - дейді Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965599-almatydagy-ort-kopqabatty-turgyn-uiden-65-adam-evakuaciyalandy/

pixel