Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы орталығындағы көше қиылысы бір түнге жабылады

Опубликовано:

Жол қозғалысына тыйым
Көрнекі фото: Pixabay.com

Алматының орталық бөлігіндегі көше қиылыстарының бірінде 18 сәуірден 19 сәуірге дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәлірек айтсақ, Наурызбай батыр мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында көлік қозғалысына бір түнге шектеу қойылады.

Алматы жылу жүйесінің мәліметінше, қозғалыс 18 сәуір сағат 22:30-дан 19 сәуір сағат 7:00-ге дейін шектеледі.

Уақытша шектеулер аталған көше сегментінің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу үшін енгізіліп отыр.

Осы ретте мекеме қала тұрғындары жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауға, аталған қиылысты айналып өту мәселесін алдын ала ойластыруға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965617-almaty-ortalygyndagy-kose-qiylysy-bir-tunge-zabylady/

pixel