Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде өткен жылы жоғалып кеткен қыздың денесі табылды

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Семей қаласында өткен жылы күзде жоғалып кеткен қыздың денесі Ертіс өзенінен табылды, деп жазады Қазақпарат.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растап отыр.

Ведомство мәліметінше, 17 жастағы қыз бала осыдан 5 ай бұрын жоғалып кеткен.

Полицияға қоңырау шалған Семей қаласының тұрғыны далаға серуендеп келу үшін шыққан баласының сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін жеткізген.

Оны іздеуге тәртіп сақшылары, әскерилер мен еріктілер жұмылдырылған болатын.

"Кейін анықталғандай, қыз баланы 19 жастағы жігіті өлтіріп, оның денесі Ертіс өзеніне лақтырып жіберген. Ер адам өз кінәсін мойындады. Осыдан соң Мирный кентінің маңындағы өзен бойында марқұмның денесін іздестіру жұмыстары жүргізілді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазіргі кезде қыз баланың денесі табылды.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965628-semeide-otken-zyly-zogalyp-ketken-qyzdyn-denesi-tabyldy/

pixel