Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбыр, найзағай, жел": Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

ауа райы1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК 19-21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте республика аумағында құбылмалы ауа райы сақталады.

Ел аумағында жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі.

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, нөсер жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал.

Одан бөлек елдің орталығы мен шығысында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі мүмкін. Мәселен, аталған аймақтарда түнде сынап бағанасы -3 градусқа дейін төмендесе, күндіз 5-15 градус аралығында жылы болу ықтимал.

Ал Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965630-zanbyr-naizagai-zel-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel