Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр 15 минут сайын бір нәресте дүниеге келеді": Шымкентте бала туу көрсеткіші күрт өскен

Опубликовано:

жаңа туған сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте бала туу көрсеткіші күрт өскен. Медицина мамандарының айтуынша, үшінші мегаполисте күніне орта есеппен 120 сәби өмірге келеді. Бұл дегеніміз әр 15 минут сайын бір шымкенттік дүние есігін ашады деген сөз, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қалада туу көрсеткішінің жақсаруына пандемия да әсер еткен.

"Пандемия кезінен бері ай сайын босануға келетін аналар саны көбейіп отыр. Бір күнде біздің перзентханада 50-60-қа жуық бала өмірге келеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты", - дейді медицина қызметкері Гүлмира Қоңырбаева.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, демографиялық өсім жағынан қазір Шымкент Қазақстанда алдыңғы орында тұр. Демографиялық өсім бірінші кезекте туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты.

Жыл басынан бері Шымкентте 100 егіз дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен шамамен 20 балаға көп.

Ал жыл басынан бері шаһарда 8197 нәресте өмірге келген. Оның ішінде 3951-і қыз, 4246-і ұл бала.

Жалпы орташа есеппен алғанда қалада жылына шамамен 35 мыңнан аса сәби дүниеге келеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965652-ar-15-minut-saiyn-bir-nareste-duniege-keledi-symkentte-bala-tuu-korsetkisi-kurt-osken/

pixel