Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен адамдар тобы ұсталғанын хабарлады

Опубликовано:

Ұстау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында адамдар тобы, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматы ұсталғанын хабарлады.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел мемлекетінің азаматын ұстады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ведомство аталмыш фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті.

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған.

Сондай-ақ ҰҚК қылмыстық істің құпиялығына байланысты тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965704-uqk-tynsylyq-memleketke-opasyzdyq-zasady-degen-kudikpen-birqatar-adam-ustalganyn-xabarlady/

pixel