Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кезегіміз кері жылжып барады": Жер кезегіне тұрған талдықорғандықтар президентке үндеу жасады

Опубликовано:

Талдықорғандықтар
Шағымын айтқан тұрғындар. Видеодан кадр: Instagram/krisp_tdk

Талдықорғандықтар жер кезегінің алға жылжымауына байланысты президентке видеоүндеу жасап, одан көмек сұрады. Тұрғындар кезектің алға емес кері жылжуына сыбайлас жемқорлықтың қатысы бар деген ойда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тұрғындардың видеосы Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде жарияланды.

"Бұнда Талдықорған қаласының қарапайым халқы жиналып тұр. Неге десеңіз - қаланың Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бастығының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдіктеміз. Өйткені біздің жерге, үйге кезегіміз кері жылжып жатыр. Неліктен деген сұраққа олар еш жауап қатпады. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаментіне де, әкімдікке де бардық. Бүгінгі таңда біздің қолымызда заңға сәйкес барлық құжаттарымыз бар. Сол себептен бізге қол үшін берсеңіз екен", - дейді кадрдағы талдықорғандық әйел.

Бейнежазбаға басқа желі қолданушылары да дәл осындай жағдайды бастан кешіп жатқанын айтып, пікір білдірген.

"Мен 2009 жылдан 2021 жылға дейін 395-орынға жылжыппын, 2021 жылы шілде айында көрсем, 965-ші орынға түсіп қалыппын. Ал екі айдан соң 971-ші болып тұрмын. Бұл не сонда? Олар мұны маған былай түсіндірді: мүгедектігі бар жандар мен көпбалалы және жалғызбасты аналардың, толық емес отбасынан шыққан балалар немесе асыраушысынан айырылғандардың кезегін біріктірген", - дейді Елена есімді желі қолданушысы.

Бұл жағдайға қатысты қалалық прокуратура пікір білдірді. Ресми орган тұрғындардың президентке жолдаған үндеуі зерделенгенін жеткізді.

"Қазіргі таңда Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің (ЖКХ) қызметінде азаматтарды тұрғын үй кезегіне қою заңдылығының сақталуына қатысты талдау арқылы тексеру жүргізілуде. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.

​Жер телімдерін үлестіру бойынша заң бұзушылық деректері анықталып, қала әкіміне заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Нәтижесі бойынша заң бұзушылықтарды жоюға бағытталған жұмыстар атқарылу үстінде", - делінген хабарламада.

Прокуратура аталған мәселе қала прокуратурасының қатаң бақылауында екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965722-kezegimiz-keri-zylzyp-barady-zer-kezegine-turgan-taldyqorgandyqtar-prezidentke-undeu-zasady/

pixel