Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 мамырдан бастап "Алматы-Шамалған-Ұзынағаш" тас жолының учаскесі уақытша жабылады

Опубликовано:

жол
Көрнекі фото: Facebook

2 мамырдан бастап "Алматы-Шамалған-Ұзынағаш" тас жолының учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы.

Биылғы 2 мамырдан бастап 25 тамызға дейін республикалық маңызы бар "Алматы-Шамалған-Ұзынағаш" (22-24 шақырымдары аралығы) тас жолының учаскесі уақытша жабылады.

Бұл Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының ("ҮАААЖ") құрылысына байланысты.

Жабылған учаскені Қырғауылды елдімекеніндегі Көкдала және Іңкәрбеков көшелері, Райымбек елдімекеніндегі Сүйінбай және Наурыз көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жол полициясы тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырып, тиісті жол белгілері, бағдаршамдар орнатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965772-2-mamyrdan-bastap-almaty-samalgan-uzynagas-tas-zolynyn-ucaskesi-uaqytsa-zabylady/

pixel