Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роман Скляр утильалымнан бас тарту туралы үндеуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Утильалымға қатысты пікір білдірді
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда утильалымнан толықтай бас тарту туралы ұсыныстарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Роман Скляр осы уақытқа дейін үндеуге қатысты бірнеше рет түсініктеме бергенін жеткізді.

"Популистер мен жалған сарапшылар кез-келген уақытта қандай да бір акциялар өткізе алады (утильалымнан бас тартуға қатысты - ред.). Ал үкімет өнеркәсіпті дамыту үшін жұмыс істеп келді және жұмыс істеп жатыр. Бұның (утильалымнан бас тарту - ред.) кімге тиімді екенін тереңінен ойланып көріңіздер. Бұл салықтың барлық түрін төлемейтін, ең аз жұмыс орындарын құратын импорттаушыларға пайдалы", — деді ол.

Роман Скляр осыған байланысты импорттаушыларға Қазақстанда өндіріс ашуды ұсынатынын хабарлады.

"Бұл соншалықты қымбат емес. Бірақ неге олар өндіріс ашқысы келмейді? Себебі олар өздерінің үлкен маржасын жоғалтады", — деп қорытындылады вице-премьер.

Оның айтуынша, басты міндет — сапалы, өнімділігі жоғары, жалақысы жоғары жұмыс орындарын құру.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары елімізде заманауи кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастарды дайындау керектігін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965781-roman-sklyar-util-alymnan-bas-tartu-turaly-undeuge-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel