Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар шамамен алты теңгеге арзандады

Опубликовано:

Доллар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елдегі соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша америкалық валютаның құны тағы төмендеді. Енді доллар бағамы 443,57 теңгені құрап отыр. Мұндай деректерді Қазақстан қор биржасының ресми сайты келтірген.

Қазіргі уақытта доллардың орташа бағамы бір бірлікке 443,57 теңгені құрап отыр. Соңғы сауда-саттықтан кейін "америкалық" 5,73 теңгеге арзандаған.

Айта кетейік, кеше кешке де бағамның әлсіреуі байқалған еді. Ол уақытта доллар құны бір бірлікке 449,3 теңгені құрады.

Ал NUR.KZ айырбастау бағамы парақшасындағы деректерге сүйенсек, елдегі екінші деңгейлі банктер мен айырбастау нүктелерінде долларды айырбастау төмендегі бағам бойынша жүргізілуде:

  • Нұр-Сұлтанда екінші деңгейлі банктер долларды 440-443 теңгеден сатып алып, 449-450 теңгеден сатса;
  • Алматыда олар америкалық валютаны 440-447 теңгеден сатып алып, азаматтарға 449-452 теңгеден сатуда.
  • Ал Шымкенттегі 2-деңгейлі банктер мен айырбастау орындары долларды 440-443 теңгеден сатып алып, 449-450 теңгеден сатып жатыр.

Kurs.kz порталының мәліметінше, Қазақстанның айырбастау нүктелері долларды орташа есеппен 443-449, 5 теңгеден сатып алып, 448-452 теңгеден сатуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965804-qazaqstanda-dollar-samamen-alty-tengege-arzandady/

pixel