Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында туыстары жақында босанған ананы қайықпен күтіп алды (видео)

Опубликовано:

Қайық
Видеодан кадр: azh.kz

Атырау облысында ТЖД қызметкерлерінің көмегімен моторлы қайық арқылы "Миялы-Қарабау-Индер" көлік жолының учаскесіне жеткен нәрестелі жас ананы туыстары көңілді әнмен қарсы алды. Аталған жайттың видеосы әлеуметтік желіде лезде тарады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

"18 сәуірде құтқарушылар Миялы ауылында дүниеге келген нәрестені анасымен бірге жолдың арғы бетінен аман-есен өткізіп алды.

Жолдың арғы бетінен оларды туыстары сән-салтанатпен қарсы алып, Жангелдин ауылына қарай бет алды", - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Жангелдин ауылының тұрғыны Миялы ауруханасында босанып, шыққан соң жолдың бір бөлігінен моторлы қайықпен өткен. Бұл оның қуанышына кедергі келтірмепті, ал туыстары оны әуендетіп қарсы алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965806-atyrau-oblysynda-zaqyndary-zas-bosangan-anany-qaiyqpen-kutip-aldy-video/

pixel