Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды

Опубликовано:

Алаяқ
Көрнекі фото: Polisia.kz

Полицейлер терроризм актісі жөнінде жалған хабарлама таратты деген күдікпен жітіқаралық IT маманды ұстады, Ол Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы 11 нысанды "миналаған" деп хабарлайды еліміздің терроризмге қарсы орталығы.

Ведомство дерегінше, 4 сәуір күні Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы түрлі мекемелердің электронды мекенжайларына жарылғыш заттың қойылғаны туралы жалған ақпарат келген.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен Жітіқараның 1986 жылы туған тұрғыны ұсталды. Ол қаладағы компаниялардың бірінде IT-маман болып жұмыс істейді.

"IT саласындағы өз білімі мен түрлі техникалық құралдарды пайдалана отырып, азамат Алматы мен елордадағы 11 нысан мекенжайына хат жіберген", -делінген Терроризмге қарсы қызметтің хабарламасында.

Айта кетейік, күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды. Енді ер адам "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату" қылмыстық бабы бойынша жауапқа тартылуы керек, деп хабарлады ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965833-nur-sultan-men-almatyda-zarylgys-zat-qoiylgany-turaly-zalgan-aqparat-taratqan-kudikti-ustaldy/

pixel