Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов: Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: facebook.com/Askhat Aimagambetov

Бүгін елордада өтіп жатқан кітап көрмесіне барған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онда қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Елордамызда өтіп жатқан кітап көрмесіне бардым. Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады. Әсіресе балалар үшін өте қызықты, заманауи сұранысқа ие кітаптар саны артып келеді. Біз балаларды кітап оқуға баулу мақсатында "Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасын іске асырып жатырмыз.

Бұл жоба шеңберінде мектеп кітапханаларына әдеби кітаптар сатып алынды, сондай-ақ кітапханалар жөндеуден өтіп, оның жұмыс форматы өзгертіліп жатыр. Мен әр мектепке барғанда дәл осы жобаның іске асырылуына ерекше көңіл бөлемін. Барлық мектеп пен колледжде бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек", - деп жазды министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966037-aimagambetov-qazaq-tilindegi-kitaptar-sany-kobeigeni-quantady/

pixel