Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Павлодар облысының жедел қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Тараз қаласының 22 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Жас жігіт Қазақстан Республикасы ҚҚ-нің 293-бабында көзделген бұзақылық қылмысы үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

"2021 жылғы 3 қазанда Тараз қаласында кафелердің бірінде бұзақылық әрекеттер жасағаны анықталды. Кейін әскерге шақырылып, Павлодарда 3 айлық жүргізушіге дайындық курсынан өтті. Жүргізуші куәлігін алғаннан кейін әскери бөлімге кетуге мәжбүр болды, бірақ үлгермеді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды. Іздеу бастамашысына хабарланды" ,- деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жылдың басынан бері Ертіс өңірінің жедел уәкілдері 22 қылмыстық қылмыскерді ұстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966048-pavlodar-oblysynda-memleketaralyq-izdeude-zurgen-buzaqy-ustaldy/

pixel