Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов инвестициялық штаб отырысын өткізді

Опубликовано:

Әлихан Смайылов инвестициялық штаб отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов инвестициялық штаб отырысын өткізді. Оның барысында 2021 жылы және 2022 жылдың І тоқсанында негізгі капиталға инвестициялар тарту (бұдан әрі – НКИ) бойынша нысаналы индикаторларды орындау қорытындылары, сондай-ақ "Valmont Industries" компаниясының механикаландырылған суару жүйелері зауытын салу жобасын іске асыру барысы қаралды. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайтында хабарланды.

Баяндама жасаған ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров өткен жылдың қорытындысы бойынша НКИ тарту жоспарларын орындауда Шымкент қаласы (жоспардан 115% – 462,1 млрд теңге), Ақтөбе облысы (жоспардан 101,8% – 815,6 млрд теңге) және Қостанай облысы (жоспардан 101,3% – 416,2 млрд теңге) көш бастағанын мәлімдеді. 

Аталған көрсеткіш бойынша Солтүстік Қазақстан (жоспардан 80,4% – 331,9 млрд теңге), Батыс Қазақстан (жоспардан 69,6% – 423,7 млрд теңге) және Қызылорда (жоспардан 66,4% – 302,8 млрд теңге) облыстары – аутсайдерлер қатарында. 

Мемлекеттік органдар арасында ҚР АШМ (жоспардан 108,4% – 893,3 млрд теңге), ҚР ИИДМ (жоспардан 100,3% – 6 036,7 млрд теңге) және ҚР ЦДИАӨМ (жоспардан 98,7% – 235,8 млрд теңге) көш басында тұр.

Жоспар ҚР МСМ-де (жоспардан 62,8% – 566,6 млрд теңге) және ҚР ДСМ-де (жоспардан 49,3% – 198,7 млрд теңге) орындалмаған. 

Өңірлер мен ведомстволар бойынша өзге де баяндамашыларды тыңдаған Әлихан Смайылов жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тек тәуекелдерді ғана емес, сондай-ақ дамуға да мүмкіндіктер ұсынатынын, сондықтан барлық өңірлер мен мемлекеттік органдардың басшылығы осы бағытта жұмысты жандандыруы қажет екенін атап өтті.

"Біз мемлекеттік органдарда мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуде белгілі бір сын-тегеуріндер бар екенін көріп отырмыз. Артта қалған орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер бұл мәселеге назар аударуы керек. Негізгі капиталға инвестиция тарту жұмысын жандандыруды және осы мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын. Министрлер мен әкімдер бұған тікелей жауапты", — деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов инвестициялық штаб отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

Екінші мәселе бойынша ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады. 

Қазақстанда "Valmont Industries" компаниясының машиналар өндірісін дамыту фермерлерге сапалы жабдықты қолжетімді етеді және тиісті ауыл шаруашылығы инфрақұрылымының дамуына түрткі болады.

Премьер-министр жобамен егжей-тегжейлі танысқаннан кейін мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қосымша сараптама жүргізуді және тараптардың міндеттемелерін ескере отырып, оны іске асырудың негізділігін растауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966049-alixan-smaiylov-investiciyalyq-stab-otyrysyn-otkizdi/