Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда пациенттің дәрігерге соққы жұмсаған сәті бейнекамераға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Дәрігерге соққы жасады
Видеодан кадр: "Патриот" Telegram арнасы

Қарағандыдағы ауруханада пациенттің дәрігерге жұдырық жұмсаған сәті бейнекамераға түсіп қалды. Кадрдан пациент дәлізде кетіп бара жатқан дәрігерді қуып жетіп, екі рет соққы жұмсағанын байқауға болады. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Аталған жайтқа қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Дәрігер сені құтқаруға тырысып, гипс салуды ойлап жатыр. Ал сен оны ұрасың!", - делінген Telegram-дағы "Патриот" арнасында жарияланған видео жазбасында.

Анықталғандай, 1986 жылы туған ер адамның құлаған сәтте қолына зақым келген. Ол қолы ісіп, ауырғанына шағымданып, травматологиялық бөлімге жүгінген. Ақ халаттылар азаматқа оң білегінің жабық сынуы диагнозын қойған.

Осылайша, дәрігер пациенттің қолын таңып, гипс салмақ болған. Алайда науқас гипстан бас тартып, артынша кезекші травматолог дәрігерді қуып жетіп, жұдырықпен бірнеше соққы жасаған. Әлеуметтік желіде дәл осы сәттің видеосы тарап кеткен.

Қарағанды облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне берген жауабында аталған фактінің тіркеуге алынғанын хабарлады.

"Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің мән-жайы анықталуда", - дейді ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966101-qaragandyda-pacienttin-darigerge-soqqy-zumsagan-sati-beinekameraga-tusip-qaldy-video/

pixel