Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Репетитор жалдаңыз, қазақша кітап оқыңыз": Мәжіліс депутаты қорғаныс министріне ескерту жасады

Опубликовано:

Руслан Жақсылықов
Фото: Facebook/ Аманжол Әлтай

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол өз пікірін Facebook парақшасында жазды.

“Сіз қатардағы азаматтың бірі емес, арқасына ел аманатын арқалаған қорғаныс министрісіз. Сондықтан да мемлекеттік тілге салғырттық танытпай, құрметпен қарауға тиіссіз. Мемлекеттік тілде сөйлеу арқылы артыңыздағы сан мыңдаған сарбаздарға өнеге көрсетуге міндетті екеніңізді естен шығармаңыз.

Әскеріміздің және оның кеңсесінің тілі толық қазақша болатын уақыт жетті. Өзіңіз айтқандай, қырық қазақ отырып ортадағы жалғыз өзге ұлт өкілі үшін орыс тілінде сөйлеу Кеңестік жүйеден қалып қойған отарлық сананың көрінісі. Сондықтан да тәуелсіз елдің қолбасшы генералы ретінде бұл мәселеге жаңаша қараңыз”, - деді Аманжол Әлтай.

Мәжіліс депутаты әскери маман ретінде Жақсылықовтың кәсіби тәжірибесіне, атқарып келе жатқан еңбегіне құрметпен қарайтынын алға тартты.

“Отанымыздың әскерін басқару үшін мемлекеттік тілді еркін меңгеру аса маңызды. Сіз секілді мемлекетік тілде сөйлеуге басында қиналса да кейін талабы мен жігерінің арқасында ана тілінде еркін, көркем сөйлеуге қол жеткізген генерал Тоқтар Әубәкіров ағамыз сізге жақсы үлгі бола алады. Репетитор жалдаңыз, қазақша кітап оқыңыз, отбасында қазақша сөйлесіңіз. Көп кешікпей жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.

Отан қорғау жолындағы аса маңызды жұмысыңызға сәттілік тілеймін!”, - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966227-repetitor-zaldanyz-qazaqsa-kitap-oqynyz-mazilis-deputaty-qorganys-ministrine-eskertu-zasady/

pixel