Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гаражға жасырып қойған": Түркістан облысында ер адам енесінің алтындарын ұрлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Алтын бұйымдары
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында енесінің алтын бұйымдарын ұрлады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттың мәліметінше, Шардара аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған.

Әйелдің сөзінше, әлдекім үйіне терезеден кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігі мен алтын сырғасын, сондай-ақ гаухар тастары мен алқаларын жымқырып кеткен.

Шығын көлемі 1,7 миллион теңгені құраған.

Аталған жайтты полицейлер Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша тіркеу алған.

Қылмысты ашу мақсатында Шардара аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылған.

Полицейлер куәгерлерден жауап алып, үйдің айналасын жіті тексерген. Нәтижесінде, күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің күйеу баласы болып шыққан.

Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында енесінің алтын бұйымдарды ұрлаған.

Сөйтіп сатудың оңтайлы сәтін күткен. Ал ұрлаған алтындарын үйінің ауласындағы гаражға жасырып қойған.

Полицейлер күдіктіден айғақ зат ретінде алтын жүзік пен сырғаларды, алқаларды тәркілеп, иесіне қайтарған.

Қазіргі кезде күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966325-sygyn-17-mln-tenge-turkistan-oblysynda-enesinin-altyndaryn-urlady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

pixel