Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жыл басынан бері елімізде сәбилерге қандай есім жиі қойылған

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық статистика бюросы 2022 жылы дүниеге келген қыз және ұл балаларға қандай есімнің жиі қойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері жаңа туған ұл балаға Әлихан есімі көп қойылған.

Одан бөлек ұл балалардың арасында Алдияр, Айсұлтан, Әмір, Омар, Әли, Нұрислам, Бейбарыс Алан және Әлинұр есімі кең тараған.

Ал қыз балаларға көбіне Медина есімі жиі қойылған. Сондай-ақ жиі қойылған есімдер қатарында Айша, Айлин, Асылым, Томирис, Раяна, Аяла, Сафия және Айзере мен Әмина аттары бар.

Айта кетейік, ел аумағында өз есіміңізбен аттас қанша адамның барын ведомство сайтынан білеуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966408-zyl-basynan-beri-elimizde-balalarga-qandai-esim-zii-qoiylgan/

pixel