Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяда көз жұмған қазақ жігіт жат елдің мәйітханасында әлі жатыр

Жарияланған күні:

Оңтүстік Корея1
Көрнекі фото: pixabay.com

Оңтүстік Кореяда қайтыс болған қазақстандықтың денесі алты күннен бері жат елдің мәйітханасында жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Марқұм Оңтүстік Кореяға төрт жыл бұрын жұмыс істеуге кеткен.

Жақындарының сөзінше, ер адам қатты сырқаттанған анасын ойлап күйзеліске түсіпті.

39 жастағы марқұмның артында 14 жасар ұлы мен 12-дегі қызы қалды.

Телеарна мәліметінше, жүрек талмасынан көз жұмған оған мемлекеттен көмек болмай тұр. Себебі, Оңтүстік Кореяға заңсыз мигрант есебінде кеткен. Марқұмның денесін елге жеткізуге 3 жарым милион теңге керек екен.

Құжаттандыруы мен елге әкелуін ұйымдастырып жүрген "Корея көмек" қоры соңғы бес жылда 36 Қазақстан азаматының Оңтүстік Кореяда көз жұмғанын, көпшілігінің денесі жақындары ақша тапқанша апталап мәйітханада жатқанынын жеткізді.

Қазір де Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен 36 мың қазақстандықтың бар-жоғы он мыңға жуығы ғана жұмыс визасын аштырған.

"Корея аумағында қазір, мысалы, бір айлық табыс миллион болса, олар соған қызығып кетіп жатыр. Ал жеке басын сақтандырып жатқан жоқ. Ресми ақпараттарды беріп, олар Елшілікке және сыртқы істер министрлігі тарапынан ешқандай тіркеуде жоқ. Билетті алады да, жәй ғана кетеді.

Сондықтан біз осы билік басындағыларға да айтқымыз келеді, осы 2 мемлекет арасында жұмыс визасы ашылса әрбір отандасымыздың жеке басы сақтандырылады.

Осындай қайғылы жағдайларда қара халыққа алақан жаймай, сақтандыру компаниялары мәйітті тезірек елге жеткіземіз1, - деді "Корея көмек" қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966433-ontustik-koreyada-koz-zumgan-qazaq-zigit-zat-eldin-maiitxanasynda-ali-zatyr/