Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күзетшіні ұрып тастаған": Алматыда техника қоймасына қарақшылық шабуыл жасалды

Опубликовано:

Қарақшылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда техника қоймасына үш адам қарақшылық шабуыл жасады. Күдіктілер Жамбыл облысынан ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш ер адам қоймада жалғыз болған күзетшіні ұрып-соққан.

Сонымен қатар, қару-жарақпен қоқан-лоққы жасап, компьютерлік техниканы, ірі сомадағы видеокарталарды тартып алып, із-түзсіз жоғалып кеткені белгілі болды.

Қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылды. Оның құрамына аудандық деңгейден де, қаланың криминалдық полициясынан да жедел уәкілдер кірген.

Нәтижесінде күдіктілер Шу қаласында ұсталды. Олар сол жерден пойызбен Нұр-Сұлтан қаласына кетпек болған.

"Олжаның бір бөлігі өздерімен болды, негізгі бөлігі жүк тасымалы арқылы елордаға жөнелтілген. Тауарлар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Процессуальдық әрекеттерден кейін видеокарталар иесіне қайтарылатын болады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының тумалары. Барлығы қамауға алынған.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің бірі бүған дейін аталған компанияда жұмыс істегенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966447-kuzetsini-uryp-tastagan-almatyda-texnika-qoimasyna-qaraqsylyq-sabuyl-zasaldy/

pixel